Атырауда «Мәулімберген» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке аясында Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі, аталмыш «Мәулімберген» мешітінің ұстазы Ардақ Сайынқызының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде қыз-келіншектер түрлі аспаздық өнімдер пісіріп әкеліп сатты.
Жәрмеңке аясында жиналған 50 мың теңге көлеміндегі қаражат үш мұқтаж отбасына берілді.
Жәрмеңкеге мешіт жамағаты белсене атсалысқанын атап өткеніміз жөн.