Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңке аясында Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі, аталмыш «Мәулімберген» мешітінің ұстазы Ардақ Сайынқызының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде қыз-келіншектер түрлі аспаздық өнімдер пісіріп әкеліп сатты.

Жәрмеңке аясында жиналған 50 мың теңге көлеміндегі қаражат үш мұқтаж отбасына берілді.

Жәрмеңкеге мешіт жамағаты белсене атсалысқанын атап өткеніміз жөн.