Алтынбек Ұтысханұлы «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерін қабылдады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Шаңырақ» балалар ауылынан арнайы келген бір топ тәрбиеленушіні орталық «Иманғали» мешітінде қабылдады.

Кездесу барысында Бас имам балаларды білім алуға, ізденуге, үнемі дамып отыруға үндеді.

«Өмір – мүмкіндіктерден тұрады. Соның ішінде, балалық шақтың, жастық шақтың орны ерекше. Осындай кездегі ерік-жігер, жалын, күш-қуатты білім алуға жұмсасаңыздар, жарқын болашаққа жол ашылады. Дініміз ислам, кітабымыз – Құран. Қасиетті Құранның «Оқы!» деп басталуының артында осындай үлкен мән-мағына жатыр. Пайдалы білім, ізденіс – сарқылмайтын құндылық» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.