Атырауда мешіт жамағаты арасында ұлттық спорт және интеллектуалдық сайыс өтті

Атырау қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бірлік – біздің күшіміз» атты дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінен жарыс пен «DASTUR QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті.

Шараға Атырау қаласындағы мешіт жамағаттары белсене қатысып, өзара ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: ұлттық спорт түрлері бойынша асық ату, ләңгі тебу,тоғызқұмалақ және басқа да жарыстар өткізілсе, зияткерлік сайыс барысында қатысушылар дін, тарих, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар мен қазіргі қоғам тақырыптарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Шараның мақсаты – қала тұрғындары арасында және этносаралық, конфессияаралық татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындырып, ұлттық ойындарымыздың пайдасын дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен білімді, ой ұшқырлықты шыңдап, рухани иммунитет қалыптастыру.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жекелеген қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тоғызқұмалақ сайысынан Шораев Дастан І орын,

Құсайынова Арайлым ІІ орын,

Маженова Гульжан ІІІ орын иеленді.

Садақ ату жарысынан Ербөлек Бейбарыс І орын,

Бимаганбетов Айтолды ІІ орын,

Еркінғали Әдемі ІІІ орын алды.


Асық атудан І орынды Өтегенов Айсұлтан,

ІІ орынды Қошқаров Асхат,

ІІІ орынды Хасанов Данияр жеңіп алса, Ләңгі тебу жарысынан І орынды Шерхан Еңсегенұлы,

ІІ орынды Қуан Болатбек,

ІІІ орынды Пазылғалиев Әділет иеленді

Тартысты өткен футбол бәсекесінде І орынды «Еркінқала» командасы,

ІІ орынды «Анашым» командасы,

ІІІ орынды «Қажымұқан» командасы жеңді.

Интеллектуалды сайыстан І орынды «Сәруар» командасы,

ІІ орынды «Ақтоғай» командасы,

ІІІ орынды « J-IQ» командасы місе тұттфы


Тоғызқұмалақ, садақ, асық, ләңгі сайсының әр жеңімпаздары 30 000, 20 000 және 10 000 мың, ал футбол мен интеллектуалды сайыстың жеңімпаздары 100 000, 70 000 және 50 000 мың қаржылай сыйлықтар алып, арнайы дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталады.


«Бірлік – біздің күшіміз» атты бұл игі бастама – қоғамдағы діни татулық пен азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады