Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алдында жылдық есеп берген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.
«Жыл ішінде теріс бағытта жүрген 40 адам толықтай оңалды. Қазіргі уақытта 17 адам дәстүрлі мәзхабқа бейімделуде. Жыл ішінде, жат ағымға қарсы 74 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 4767 адам қамтылды» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.