Жұманың құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің әйел жамағаты “Тегін такси” жобасын ұйымдастырды.
Жоба аясында үш такси 30-дан астам адамға қызмет көрсетті.
Мешіттің әйел – қыздар жамағатының ұйымдастыруымен өткен жоба аясында бірнеше атыраулық қала ішінде тегін такси қызметін қолдану мүмкіндігіне ие болды.
“Жұма – қасиетті күн. Бұл күнді жақсылықтың, ізгіліктің жаршысы ретінде дәріптеудің маңызы зор. “Тегін такси” қызметі көп адамдардың жүрегіне жылулық сыйлады” дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.