Атырау облыстық өкілдігіне қарасты Бақтыгерей Молла мешітінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен есірткінің зардабы» тақырыбында кездесулер өтті.
Жиынға мешіт имамы Асылбек Тілепбергенұлы қатысып, зиянды әдеттердің жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізер зардаптары жайында насихат айтты. Сондай-ақ жастарды жат әдеттерден аулақ болуға, денсаулықты бағалауға және қоғамға пайдалы іспен айналысуға үндеді.
Кездесу барысында қатысушыларға тақырыпқа қатысты мағлұмат беріліп, имандылыққа шақырған ой-пікірлер ортаға салынды.






