Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен облыс имамдарына арналған жұмыс жиыны өтті.
Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде қаралған негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, уағыз-насихат жұмыстарының сапасын арттыру, имамдардың діни және тілдік сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ мешіттердің ішкі және сыртқы тәртіп істері жөнінде маңызды бағыттар айтылды.
Сонымен қатар имамдардың әдебі, уағыз айту мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен пікір алмасылды.
Жиын соңында бас имам Болатбек Ұласқанұлы дін қызметкерлеріне бірлік пен ынтымақты сақтау, халыққа дұрыс діни түсінік беруді жалғастыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.











