Махамбет ауданында орналасқан Атырау облыстық көмек мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне киім-кешек табыс етті.
Көктем мезгіліне арналған сырт киімдер мен аяқ киімдерді демеушілердің көмегімен облыстық «Иманғали» мешіті жанындағы «Қайырымдылық орталығы» мектеп-интернатқа жеткізіп берді.
«Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айда жасалған ізгі амалдар еселенеді. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар әркез назарымызда. Бұл жолы кәсіпкерлердің қолдауымен Махамбет ауданында орналасқан Атырау облыстық көмек мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне көмек көрсеттік» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.