Атыраудан Ақтөбе облысына 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді (+ ФОТО)

29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастаған болатын.

Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Атыраудан  8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған  8 тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, ая киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі 1 сәуір күні сағат 9-да жолға шығып кетті.