Атырауда Бейімдеу орталығына киім-кешек үлестірілді (+ ВИДЕО)

Атырауда қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық шаралары жалғасуда.

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен кезекті ізгілік шарасы өтті.

Бұл жолы Атырау қаласындағы бейімдеу орталығын паналап жатқандарға киім-кешектер табыс етілді.

«Тағдырдың сынына тап болып, қиын жағдайда қалған бауырларымызға Рамазан айының жылулығын, мейірімділігін сезіндіруді мақсат еттік. Рамазан – жақсылықтың бастауы» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.