Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қолдауымен, орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ізгілік шарасын өткізді.
Көру қабілетінде ақауы бар «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігі мен күнкөріс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіріп отырған «Сенім шыңы» қоғамдық ұйымдарына барлығы 30 пакет ет таратты.
Қайырымдылық бағытындағы ет аталған қорлардың жетекшілеріне табыс етілді. Әрі қарай қордың ұйымдастыруымен ет мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізілетін болады.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының бірі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.