Атырауда имамдар Қарттар үйіне зиярат етті

Атырау қаласындағы «Иман» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов бастаған мешіт ұжымы облыс орталығындағы Қарттар үйіне барды.

Қарттарды халықаралық мерекемен құттықтаған имамдар, үлкендердің әркез қоғам назарында, қамқорлықта болатынын атап өтті.

«Қазақта «Қарты бардың қазынасы бар» деген керемет сөз бар. Өмір болған соң, түрлі жағдайлар болады. Десе де, қартын құрметтеген халқымыздың асыл қасиеті әркез жасай береді» деп атап өтті «Иман» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов.

Мереке құрметіне қарттарға жеміс себеттері тарту етілді.

Еске сала кетелік, Қарттар үйінде бүгінгі таңда 102 адам қызмет алуда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.