«Демеу» қорына Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінен жеткізілген ет 25 отбасына таратылды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж шаңырақтар қамтылған акция барысында қайырымдылық пакеттері үйлерге жеткізіліп берілді.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыттардың бірі. Аталмыш бағыт аясында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы арқылы мұқтаж отбасыларға үй, «Қайырымдылық керуені» аясында әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға азық-түлік, киім-кешек түрінде және қаржылай көмек көрсетіліп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.