“Демеу” қорына Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінен жеткізілген ет 25 отбасына таратылды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж шаңырақтар қамтылған акция барысында қайырымдылық пакеттері үйлерге жеткізіліп берілді.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыттардың бірі. Аталмыш бағыт аясында “Ел үлесі – пәтерге” жобасы арқылы мұқтаж отбасыларға үй, “Қайырымдылық керуені” аясында әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға азық-түлік, киім-кешек түрінде және қаржылай көмек көрсетіліп келеді.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.