Мурақаба дегеніміз не?

 Алла Тағала ішкі және сыртқы жан дүниені бақылап тұрғандығын білу.

         Тілдік мағынасы: Мурақаба раа-қа-ба етістігінен туындайды. Ол –бақылау, күзету, байқау деген мағыналардв білдіреді.

           Терминдік мағынасы: «Адамның, Алла Тағала оның сыртқы және ішкі дүниесін бақылап тұрғандығын әрдайым есте ұстап әрі солай екендігіне нақты сенімді болуы мурақаба-деп аталады». Мухасиби атты ғалымнан мурақабаның не екендігі жайында сұралғанда, ол: «Жүректің Алла Тағаланың өте жақын екенлігін білуі»,-деп анықтама берген.

           Жәбірейіл (а.с) періште Пайғамбарымыздан (с.а.с): «Маған енді ихсан жайында хабар бер»,-деп сұрағанында, Алла елшісі (с.а.с): «Ол сенің Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың, егер оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр (деп құлшылық қылуың)»,-деп айтады. Кейбір ғалымдар, бүл хадисті «ихсан» сөзі мурақаба мағынасында қолданылып тұрғандығын айтқан. Яғни мурақаба дүниеде де, ақыретте де Жаратқанның назарынан тыс қалатын ешнәрсе жоқ болғандықтан, әр сәтте Оның көріп тұрғанын сезініп, үлкен-кіші қай істе болсын өзіңе де, өзгеге де адал болуға үйретеді.

           «Тарихи димашқ»-атты еңбекте мынадай қызықты оқиға баяндалады: Хазірет Омар (р.а) кешкі уақытта ел ішін аралап жүріп, сүтке су қосып сатпақ болған анасы мен қызының арасындағы сөзге құлағы шалып қалады. Анасы қызына: «Сүтке су қос»,-десе, қызы: «Омар халифамыз «сүтке су қосушы болмаңдар»,-деп ескерткен»-деген уәж айтады. Анасы: «Қазыр бізді халифа көріп тұрған жоқ қой»-дейді. Осы кезде қызы анасына: «Анашым, бізді халифа көрмесе де, Алла тағала көріп тұр»-деп жауап қатады қызы. Қыздың тақуалығына дән риза болған Омар (р.а) келесі күні өзінің ұлы Асымды алып келіп, әлгі қызға құда түсіп, үйлендіреді. Осы некеден Ләйла атты қыз бала дүниеге келеді. Ләйладан «бесінші әділетті халифа»,-деген лақап атпен танымал болған Омар ибн Абдулазиз дүниеге келген»-екен. (Тарихи димашқ, 70\252).

           Алла Тағала жария әрі жасырын істелген іс-әрекеттердің барлығын көріп, бақылап тұрғандығына еш күмансіз сену. Алла Тағала Құран кәрімде былай дейді: «Көктерде әрі жердегі Ол Алла, жасырын істегендеріңді және жария істеріңді де біледі»,-деген. (Анғам сүр, 3-аят). Ал басқа бір аятта Алла Тағала: «Расында Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер. Одан сақтаныңдар»-деп ескертеді, (Бақара сүр, 235-аят).

           Сонымен қатар бұл өмірде істеген үлкенді-кішілі барлық амалдарымыз ды Алла тағала көруші екенін әрі сол үшін қияметте жауап беретіндігімізге күмансіз сену керекпіз. Алла Тағала Құранда : «Амал дәптерлері алдарына қойылады. Сонда күнаһарлардың одан қорыққаның көресің. Олар: «Әттең! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті»,-дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды»,-деген, (Кәһф сүр, 49-аят).

           Адам баласы Алла Тағаланың барлық істі, әркезде бақылап тұрғандығын шынайы сезінгенде, күнделікті істерін, адамдармен қарым-қатынасын, сөйлейтін сөзін, атқарар құлшылықтарын ең көркем түрде орындауға тырысады. Малик ибн Динар мынадай оқиғаны жеткізеді. «Хаттаб ұлы Омармен (р.а) бірге Меккеге қарай сапарға шыққан едім. Жолда бір жерде демалғанымызда, таудан түсіп келе жатқан қойшыны көрдік. Омар (р.а) оны (сынамақ болып): «Әй, қойшы, қойларыңның ішінен біреуін маған сат?», -деді. Қойшы: «Мен құлмын (яғни қойдың иесі мен емеспін)»-деп жауап қатты. Омар (р.а) болса: «Иеңе оны қасқыр жеді деп айтпаймысың?»-дейді. Қойшы: «Алла көріп тұрғандығын қалайша естен шығармақпыз?»-дейді. Омар (р.а) сол сәтте жылап жібереді. Құлдың иесіне барып, оны сатып алды да азат етті. Әрі оған: «Сенің бұл дүниеде құлдықтан азат болуына бір ауыз сөзің себеп болды әрі ол сенің Қияметтің азабынан да азат болуыңа себепші болады деп үміттенемін»,-деді, (Ихияу ғулум әд-дин 4\396). Осы оқиғадан алар ғибратымыз қайда болсақта Алладан қорқатын болсақ, Алла тағала біздерді қор қылып қоймайды. 

Біләл Сағындықов,

Мақат аудандық орталық мешітінің Бас имамы