Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтіп, 27 отбасы қамтылды.
Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж отбасыларға ет үлестірілді.
Акция аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев қиындыққа мойымау, шүкіршілік тақырыптарында уағыз айтты.
«Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттерінің бірі. Жалпы, сабырлық сөзінің мағынасы «шыдамдылық ету» дегенді білдіреді. Шариғаттағы мағынасы Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету.
Алла Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипаттың бірі – сабырлық деген. Сабырлы болу адам бойындағы ең ізгі тамаша қасиеттердің бірі» деп атап өтті Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.