Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде жәрмеңке өтті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке барысында Әйел – қыздар секторының Сұлтан Бейбарыс мешітіндегі жамағаты үй жағдайында дайындалған дәм түрлерін қолжетімді бағада сатып, жамағатқа ұсынды.

Жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалатын болады.

Еске сала кетсек, қайырымдылық жәрмеңкесі әр апта сайын мешіт ауласында өткізіліп келеді.