amin.kz/ 16 шілде, 2020 жыл. Бүгін Атыраудың орталық мешітінде дін саласына жауапты органдар мен облыс, қала имамдарының қатысуымен жиналыс өтті.
Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Көшқалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау каласы полиция баскармасының өкілі Айымбек Қазыбеков, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының басшысы Мұрат Тұрарбеков, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Рүстем Сейтқалиев және қала имамдары қатысқан жиын барысында жат ағымдардың алдын алу, жат идеологиямен күрес мәселесі талқыланды.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.