Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанындағы «ҚМДБ жастары» еріктілеріне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омарұлының Алғыс хаты табыс етілді.
Алғыс хат “Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы” мекемесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Дәурен Арапбековке тапсырылды.
«Еліміздің азаматтық қоғам саласын өркендету жолында қосқан сүбелі үлестеріңіз, волонтерлікті дамытуда және халықты топтастыра отырып, еліміздің тұтастығы мен бейбітшілігін сақтау жолындағы ерлік қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.