Доссор мешіті 10 балаға оқу құралдарын табыс етті

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, Мақат ауданына қарасты Доссор мешітінде ізгі шара өтті.

Көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті оқу құралдары Доссор мешітінде табыс етілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы білім беру басқармасы облыс бойынша 20 мыңға жуық балаға «Мектепке жол» аясында көмек көрсетілетінін хабарлаған еді.

Қайырымдылық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.