Атырауда Құспан молла мешітінде жамағатқа құрмет көрсетілді

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жамағат үшін рухани кеш өтті.

Шара барысында Құспан молла мешітінің наиб имамы Елдос Оташбаев жамағат бірлігі, бауырмалдықты арттыру, қоғам тұрақтылығы тақырыптарында уағыз айтты.

«Қазақта «Бірлігі жарасқан ел озады» деген керемет сөз бар. Қоғамның тыныштығы, тұрақтылығы біздің қолымызда. Сондықтан, бір-бірімізге бауыр, қамқор болып, ауызбірлікте болуымыз керек» деді Құспан молла мешітінің наиб имамы Елдос Оташбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.