Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті

Қайырымдылық шарасы көп балалы отбасыларды қамтыды.

Іс-шара аясында 35 балаға сабақ сөмкелері мен оқу құралдары тапсырылды. Ал, 25 балаға аяқ киімдер берілді.

Осылайша, барлығы 60 бала қайырымдылық шарасымен қамтылды.

Еске сала кетелік, Атырауда қала, аудан, ауыл мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.