Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті 15 отбасын Рамазан айымен құттықтады

Атырау қаласы маңындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлік» ауылының жастары 15 отбасын қасиетті Рамазан айының екінші онкүндігімен құттықтады.

Көп балалы отбасыларды қамтамасыз еткен игі шарада Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров Рамазан айы туралы насихат айтты.

«Рамазан айында тұтқан ораза бізді сабырлыққа, қиындыққа мойымауға, ерік-жігерімізді шыңдауға, нәпсімізді тәрбиелеуге үйретеді. Алла тағала баршамызды рамазан оразасын шын ынта- ниетімен тұтушылардан етіп , жалған дүниенің бір күндік қызығына алданып , рамазан айының сауабынан құр қалмайық . Тұтқан оразаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін. Әмин!» деді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.