Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына барды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Бас имам Жылыой ауданының жамағатымен кездесті. Сонымен бірге, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, жастар үшін жайылған ауызашарға қатысты.

Рухани кездесу барысында Бас имам тарихтан сабақ алу, ұлт болашағын сақтаудағы тарихтың мәні туралы насихат айтып, алаш ардақтыларының өмір жолы, еңбектері туралы және жат ағымнан сақтану тақырыбында насихат айтты.

«Ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінін жоққа шығару, салтымыз бен ғұрпымызды мойындамау – жат ағым өкілдерінің бойында кездесетін жағымсыз әдет. Олар салт-дәстүрімізді «бидғат» (дінге кейіннен енгізілген жаңалық) деп таниды. Расында, Ислам әлемдік дін болғандықтан, ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрін сақтай отырып, ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Дініміз бен дәстүріміз егіз ұғым» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.