Атырау облысында мешіттерде күніне 2300 адамға ауызашар берілуде

Атырауда облыс көлемінде күн сайын 2300 адамға ауызашар берілуде.

Қасиетті Рамазан айы басталғалы мешіттерде күнделікті ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаушыларға Рамазан бокстары үлестірілуде.

Орталық «Иманғали» мешітінде күн сайын 300 адамға ауызашар берілсе, облыс бойынша 2300 адам ауыз ашуда.