«Мектепке жол»: Атырауда Құспан молла мешіті 150 балаға оқу құралын тапсырды

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Шара аясында көп балалы отбасынан шыққан 150 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

«Бүгінгі шарамыздың басты ерекшелігі – оқу құралдары балалардың жас ерекшелігіне қарай алынып отыр» деді Эммат Сұлтанғалиұлы.

Ата-аналар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін жеткізді.