Атырауда Құран жарысының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды (+ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен ХІ республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Қайрош қажы Қуанұлының рухына арналған облыстық Құран жарысының іріктеу кезеңінде жеңімпаздар 4 номинация бойынша бақ сынасты.


Әділ-қазылар сайысқа қатысушыларды жан-жақты бағалап шешім шығарды.

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 3-орынды Саламат Насихатұлы, 2-орынды Қадір Жұмабекұлы еншіледі.

Жүлделі бірінші орынмен республикалық байқауға Арман Жамбылұлы жолдама алды.

«Құранның 10 парасын жатқа айту» номинациясы бойынша, 3-орын Ғалымжан Жұмажанұлына, 2-орын Абулсайд Талғатұлына бұйырды.

1-орынды Айбар Асылбекұлы қанжығалап, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Құранның 20-парасын жатқа айту» номинациясы бойынша 2-орын Халмадұлы Заһидке, 1-орын Ералыұлы Әбілхайырға бұйырды.

«30 пара яғни, Құранды толық жаттау» номинациясы бойынша Жақсылықов Еркебұлан үздік деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Барлық қатысушыларға қаржылай сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі