Атырауда «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен бірге, қала тазалығына атсалысып жүрген «СпецАвтобаза» мекемесі қызметкерлеріне ет тапсырылды.

Ізгі шараны орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі ұйымдастырды.

«Мұндай шаралар жалғасады. Шара аясында көп балалы, мүгедек, жетім-жесір, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтуға басымдық беріледі» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.