Атырауда «Иманғали» мешітінде 150 балаға оқу құралдары тапсырылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті.

Шара аясында көп балалы отбасылардан шыққан балаларға оқу құралдары, сөмкелер табыс етілді.

Балаларға сыйлықтарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.

«Білімді ұрпақ – ел болашағы. Балалық шақтарыңды білім алуға, өздеріңді дамытуға жұмсаңыздар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.