Атырауда қала, аудан мешіттеріне кураторлар бекітілді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала, ауданның бас имамдарына арналған арнайы жиын өтті.

Жиында ҚМДБ бекіткен жеті жұмыс бағыты бойынша жұмыстар есебі тыңдалды.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы оңалту жұмысы, діни кадр тарту мәселесі, жамағат арасындағы ынтымақты арттыруға арналған шаралар мен көшпелі уағыздарды жиі ұйымдастыруды міндеттеді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиында қала және аудан мешіттеріне арнайы кураторлар тағайындады.

» Олар ауданның бас имамдарымен бірлесіп өңірдегі діни ахуалды, шешілмей жатқан мәселелерді үйлестіруге жұмыс жасайтын болады», деп атап өтті Бас имам.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.