Бүгін қасиетті жұма намазында орталық мешітте Умра қажылығына жолдама ұтып алған Нұрлан Сармалаевпен кездесу өтті.
Мақат ауданынан келген зияткерді жамағатқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.
«Нұрлан Сармалаев – бірнеше кезеңнен тұрған сайыс барысында, өзінің зеректігімен, білімге құштарлығымен бас жүлдені жеңіп алды. Енді, Алланың қалауымен Нұрлан Сармалаев қажылыққа аттанатын болады. Адам әркез білімін толықтырып, ізденіс үстінде жүретін болса, міндетті түрде оң нәтижесін көреді» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, өткен сенбіде Атырауда «Үмбеті үлгі еткен әз – Мұхаммед» атты интеллектуалдық сайыс өткен болатын.
Зияткерлік сайыста 135 адам бақ сынасты.