Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы Каир университетінің ұстазы, профессор Рабиға Төлебай Жылыой ауданына арнайы сапармен келіп, жастармен жүздесті.
Хафиз, Абай өлеңдерін араб тіліне аударған, Әл-Азхар университетінің Құран тәпсір және Ақида саласын тәмәмдаған Рабиға Төлебайдың жастармен кездесуі – Жылыой аудандық жастар үйінде өтті.
Медициналық колледж студенттерімен кездесуінде ғалым, ұстаз Рабиға Төлебай жастарды білім алуға, ізденуге, елдің дамуына үлес қосуға шақырды.
«Ислам – өркениеттің, ғылымның діні. Кезінде шығыс ғалымдары Еуропаға өркениетті апарған. Біз ғалымдарымыздан қалған мұраны жалғауымыз керек» деді ғалым Рабиға Төлебай.
Кездесулер одан әрі Жылыой аудандық орталық мешітінде жалғасты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.