Атырауда Қарилар орталығында шәкірттер сынақ тапсырды

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында ерекше шара өтті.

Медресе ұстаздары осы уақытқа дейін жүргізілген дәрістер бойынша шәкірттерден емтихан алды.

Олар Құран оқу, уағыз айту және діни кітаптар бойынша саралау, бағалау жұмыстарын жүргізді.

Ұстаздардың айтуы бойынша, бұл шара шәкірттерді дұрыс уағыз айтуға, сөз өнерін меңгеруге, көпшілік алдында өзін еркін ұстауға баулиды.

«Шара алдағы уақытта жалғасын табады» дейді ұйымдастырушылар.