Атырау мешіттерінде көшпелі дәрістер өтіп жатыр

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен қала, аудан, ауыл мешіттерінде көшпелк ый өткізу қолға алынған болатын.

Осы ретте «Иманғали» орталық мешітінің ұстаздары Ерболат Боханов пен Олжас Скаков Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында болып, жергілікті жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында мұсылманның амалындағы ықылас және жамағат арасындағы бауырмашылдық сөз болды.

«Біз әрқашан бір-бірімізге қолдау білдіріп, иманымызды кемелдендіріп тұруымыз керек. Дүние тіршілігімен қатар, діни ілімдерді үйреніп насихаттап отыруымыз қажет. Халқымызда насихаттамасаң, насихатталасың деген сөз бар. Егер біз жақсы істерді айтпасақ, басқа біреу бізге жаман істерді насихаттауы мүмкін. Сондықтан, жамағат жұдырықтай жұмылып әркез алда болайық, мешітімізге жанашыр болуды ұмытпайық деді»,-ұстаздар.

Жиынға Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов қатысып мол тәжірбесімен бөлісті.

Жамағат көкейде жүрген сауалдарын қойып жауап алды. Шара алдағы уақытта ауданның басқа өңірлерінде де жалғасады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.