Атырауда мешіттер арасында футболдан турнир өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Спорт — денсаулық кепілі» атты мешіттер арасындағы кіші аяқ доп турнирінің бірінші кезеңі аяқталды.

Шараны ҚМДБ жастар ісі секторының Атырау облысы өкілдігі ұйымдастырды.

Қалалық кезеңде өткен турнирге Атырау қаласы мешіттерінен құралған 8 команда қатысып, бақ сынады. Тартысты ойында «Иманғали» орталық мешітінің командасы үздік көрініп, жүлделі бірінші орынды иеленді.

Бұдан бөлек, Дамба селолық мешіті мен Әт-Тақуа мешітінің командалары да үздік үштіктен орын алды. Аталған үш команда жиырмасыншы қараша күні өтетін облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.