Атырау облысының Бас имамы жамағатқа ерекше сый жасады

Қасиетті жұма күні жұма намазын Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жүргізген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатқа сый жасады.

Бас имам «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабының жүздеген данасын жамағатқа тарту етті.

Және «Дінге берік болу» тақырыбында насихат айтып, қоғамды бірлікте болуға шақырды.

«Дініміз ислам – ізгілікті насихаттайды. Жақсылыққа үндейді. Әр адам жақсылық істі тілімен бірге, ізгі амалдарымен де бекітіп отыратын болса, дінге адал болу дегеніміз осы» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.