Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Атырауда Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық акциясы өтіп, 20 отбасына азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылды.

«Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен іс-шара әлі де жалғасады. Өйткені, қайырымдылық – ҚМДБ бекіткен негізгі жұмыс бағыты» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Әбдіров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.