Жұлдыз мешіті тасқыннан зардап шеккен Ақтөбе облысына көмек жіберуге атсалысты (+ ВИДЕО)

Атырау қаласының Жұлдыз ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің жастары және «Жақсылықта жарысайық» қорының еріктілері Ақтөбеге гуманитарлық көмек жіберу акциясына атсалысты.

«Тасқын судан биыл еліміздің бірнеше облысы зардап шегіп жатыр. Мұндайд халықтың бірігіп, қиындыққа төтеп беруі маңызды. Біздер Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті жастары және еріктілер болып бірлесіп, гуманитарлық көмек жинау ісіне атсалыстық» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.

Еске сала кетсек, 1 сәуір күні таңғы сағат 9-да Атырау қаласынан Ақтөбе облысына екі ауыр жүк көлігі жөнелтілген болатын. Атыраулық еріктілер небары үш күн ішінде 8 тонна гуманитарлық көмек жинап үлгерді.