Рамазан айының екінші онкүндігінде облыс мешіттерінде 3644 насихат айтылды

Қасиетті Рамазан айының екінші онкүндігінде облыс мешіттерінде 3644 уағыз-насихат жұмыстары, 1248 мәрте намаз оқу курсы, 20 мешітте құран хатым оқылуда.

Дәрістер ақида, фиһқ, ислам тарихы, пайғамбар (с.а.у) өмірбаяны мен қасиетті Құран аяттарының тәпсірлері бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ, 300 балаға Рамазан тәттілер таратылса, күн сайын мешіттерде үш мыңға жуық адамға ауызашар дастарханы ұйымдастырылуда.