Атырауда орталық мешіт жанынан «Тегін такси» ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Иманғали» орталық мешітінің жанынан «Тегін такси» қайырымдылық жобасы ұйымдастырылды.

Жобаға еріктілер көліктерімен үлес қосты. Рамазан айының құрметіне қала тұрғындарын, әсіресе үлкендер мен балалар, әйел адамдарды, қала шетінде тұратын жандарды қажетті жеріне жеткізумен айналысуда.

Рамазанның әр күні сауапқа толы. Қандай да бір істі шынайы ниетіңмен жасасаң сауабы да мол болмақ. Сол үшін мүмкіндік айында барынша пайдалуға тырысып, алғыс алуды көздейміз,-дейді ұйымдастырушылар.

Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.