Атырауда «Ислам және отбасы» тақырыбында рухани шара өтті

Ислам және дәстүр құндылығы жылы аясында отбасындағы әкенің рөлі, жаңадан неке қиған жұбайларға арналған «Ислам және отбасы» тақырыбында рухани іс-шара өтті.

Ауызашар дастарханында бас қосқан жандарға мешіт имамдары насихат айтса, ақсақалдар дәстүрлі қазақ отбасындағы негізігі құндылықтар туралы ой өрбітті.

«Ислам діні отбасының берік болғанын қалайды. Сол себепті әкенің, ананың, жастардың өз міндеттері мен әдептері бар. Алла елшісінің өзінің шарапатты хадис шәріптерінде отбасындағы береке бірлік маңызды орында екенін ескертеді. Болмашы істерге бола реніш туындауы қателік. Кезінде бабаларымыз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, баласын беліне, арқасына салып жүріп те өсірген. Үлкеннен өнеге алып салихалы ұрпақ тәрбиелеу мұсылманның басты міндеті»,-деп атап өтті Арман Исаев.

Тағылымды шарада Құран оқылып, үлкендер бата берді.