Алла Тағаланың адамзатқа сыйлаған Хақ ілімінің қайнар көзі – Кұран мен хадистен бастау алады. Біздің жан дүниемізде болып жатқан рухани мәселелерді түсіндіретін ғылым дін деп аталады. Ал бұл ілімнің өзегі – Құран мен хадис сөзі.
Алла Тағала қасиетті Кұранда былай деп айтты: «Ей, біздердің Раббымыз,олардың арасына өздерінен пайғамбар ендір, оларға сенің нұрлы аяттарыңды оқысын, үйретсін сенің кітабыңды және даналықты, сенің шексіз рухани іліміңнің шарапатынан тазартсын дінсіздіктен, күнадан. Шындықта сенсің үстем және дана». Бұл аяттың түсу себебі:
Хз.Ибраһим ғ.с. мен Исмағил ғ.с. әкелі-балалы екеуі, Ұлық Аллаға «Біздің ұрпағымыздан сондай жамағатты жарат, олар сенің бұйрықтарыңды мойындасын, араларына пайғамбар ендір, оларға кітаптың сырларын үйретсін» деп дұға қылды. Осы дұғаларының хақына қабыл болған біздің пайғамбарымызбен оның үмметтері еді.
Адам баласын күәнадан, қараңғылықтан жарыққа шығаратын, екі дүниенің бақытын уысына түсіретін рухани ілім екені белгілі болды. Дүние есігін ашқан арбір адам рухани ілім алуға міндетті. Міндетті дейтініміз, ілім үйрену -парыз. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.c) хадисінде: «Ілім талап ету, әр бір мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге – парыз».
Адам ұрпағы ілімді қай уакыттан бастап үйренеді? Тал бесіктен, жер бесікке дейін…
Діни ілімді көлденең көк аттыдан емес, мешіттер мен медреселерден КМДБ-ның макұлдауымен үйренген жөн.Енді ілімнің шарапатының баяны туралы ғылымның шаһары болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисін баяндасақ.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:
- Мен ғылымның қаласымын. ХЗ Али р.т.ғ .оның қақпасы .Содан бұл хадисті естіген дінге карсы болушылар Хз.Али р.т.ғ-ға көре алмастық қылды.Қарсы болушылардың үлкендерінен он бір адам жиналды. Олар:
- «Біздер сол Алиден бір мәселе туралы сұраймыз.Қалай жауап берер екен біздерге. Егер біздердің әр біреуімізге жеке-жеке жауап берсе, сонда біз оны шынында да ілімді ғалым деп білеміз» деді.
Олардың біреуі келді де айтты:
-Ей, Али! Алланың рахметі болсын саған. Ілім артық па, мал артық па? Содан Хз Али айтты:
– Ілім артық.
Қызғаныш қылушы айтты:
– Қандай дәлелмен?
Хз.Али айтты: Ілім пайғамбарлардың мирасы, мал-Қарунның, Хаманның, Перғауынның, Шаддаттың мирасы.Біріншісі осы жауапты алды да кетті.Енді екіншісі келді. Ол әуелгі адамдай «Ілім артық па, мал артық па?-деп сұрады.
Содан Хз Али р.т.ғ. бастапқы жауабын қайталады. Ол адам дәлел сұрады.
Хз Али: – Ілім сені қорғайды, сен малды қорғайсың, – деді.
Олардың үшіншісі келіп, бірінші адам, екінші адам сұрағандай сұрақ сұрады. Хз Али р.т.ғ. әуелгі екеуіне берген жауабын қайталады. Ол адам бұған дәлел сұрады.
Хз. Али: – Шындығында, Ұлық Алла ілімді бермейді, егер берсе, тек жақсы көрген адамына береді. Ұлық Алла малды жақсы көргеніне де және жаман көргеніне де береді, – деді.
Жоғарыда ықшамдалып алынған хадистен білгеніміздей, қазіргі таңда ілімнің шарапатын көріп, жұдырықтай жүрегімізді нұрландырамыз десек, терең рухани ілім жолында еңбектену қажет.
Бұл мәселені Алла Тағала біздерге баян қылды:
«Бақара» сүресінің 194-аятында: «Момындар ислам дінін түсіндіру үшін үстем болатын терең рухани ілім-біліммен дайындық қылындар» деген.
Елдос ОТАШБАЕВ,
Доссор мұсылмандар мешітінің имамы.