Индер ауданының орталық мешіті Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай, ізгілік акциясын өткізді.
Қайырымдылық шарасы көп балалы отбасыларын қамтыды. Он отбасын қамтыған іс шара аясында шаңырақтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Іс шара аясында Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев қоғам бірлігі, Тәуелсіздіктің қадірі туралы насихат айтты.
«Біздің мақсатымыз – қоғамның бірлігін нығайту. Әр ата-ана отбасында балаға отансүйгіштік, адамгершілік сынды қасиеттерді дәріптеп отыруы керек. Қазақстан – біздің Отанымыз. Елімізді дамытуға әр азамат үлес қосуы керек» деп атап өтті Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев.