Индер ауданында мешіт жамағатына құрмет көрсетілді

Индер аудандық орталық «Әйіп қажы» мешітінің ұйымдастыруымен, ауыл үлкендеріне, мешіт жамағаттарына құрмет көрсетілді.

Рухани шарада Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев Тәуелсіз еліміздің құндылықтары, бірліктің қадірі тақырыптарында насихат айтты.

«Әлемде қанша ұлт, халық бар. Бірақ, олардың барлығы бірдей тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған жоқ. Қазақстан үшін Тәуелсіздік қастерлі ұғым. Еліміз егемендікпен бірге, тілімізден, дін-ділімізбен қауышты. Бүгінгідей бейбіт күннің аспанын бұлт торламауы үшін де, біз бірлікте болуымыз керек» деп атап өтті Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.