Атырауда облыстық Құран жарысы қорытындыланды (+ ФОТО)

Атырау қаласындағы «Анашым» мешітінің ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық Құран сайысы өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша 7 жасқа дейінгі «Фил» мен «Нас» аралығындағы сүрелерді жатқа айту бойынша, ең жас қатысушы Мұсабек Санжарбекұлы бірінші орынды иеленді.

«Дұха» және «Нәс» аралығындағы сүрелерді жатқа айту бойынша, бірінші орынға Арман Серіков лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орынды Сұлтан Саматұлы, екінші орынды Базарбай Нұрым еншіледі.

30-шы параны жатқа айту бойынша, бірінші орынды Ахмет Олжасұлы қанжығалады.

Екінші орын Есен Саматовқа, үшінші орын Ерназар Ибатовқа бұйырды.

Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.