Атырауда жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі қорытындыланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Ел болашағы – жастар»  атты облыстық үстел теннисі турнирі қорытындыланды.

Турнирге қала және аудан мешіттері бойынша 10-нан астам адам қатысып, бақ сынасты.

«Біздің басты мақсатымыз – жастардың уақытын тиімді пайдалануына үлес қосу және достық пен ауызбірлікті насихаттау. Үстел теннисіне қызығушылығы бар мешіт жастарын ынталандыру. Сонымен бірге, салауатты өмір салтын насихаттау» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мақат ауданынан арнайы келіп қатысқан Мейрамбай Кереев жеңіп алды. Екінші орынды шалғайдағы Қызылқоға ауданынан келген Сұлтанбек Тілекқайырұлы иеленді. Үшінші орынды Атырау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің тұрақты жамағаты Еркебұлан Бақтығалиев алды.

Жеңмпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.