Индерде «Пәтуа сағаты» өтті

Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өтті. Шараға Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, пәтуа мәселелері бойынша өңірдегі жауапты маман Мұрат Мұстафаев арнайы шақырылды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан діни сенім, күнделікті ғибадат және шариғат үкімдеріне қатысты түрлі сұрақтар қойылып, маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қоғамда діни сауаттылықты арттыру, күмәнді мәселелерге нақты әрі шариғатқа сай түсінік беру.