Көз жастарыңды кім сатып ала алады?

Фарқад Сабхи айтады: – амалдардың барлығы өлшенеді тек көз жасынан басқа. Алланы еске алып, одан қорқып, көзден шыққан жас. Ондай көз жас ешқашанда өлшенбейді және салмағы да болмайды. Расымен де ондай көз жаспен тозақтың үлкен оттарын өшіреді!

Алланы еске алып, түннің соңғы бөліктерінде жылаған көз жастың ұлықтығына мән бердің бе?!

Алладан қорқып жылаған бір ғана тамшы көз жаспен тозақтың үлкен оттарын сөндіретініне мән бердің бе?!

Базарға барып адамдарға жылаған көз жасыңды ұсынып көрші. Оны сатып алатын адам болады ма?

Қиямет күні үлкен тозақ оттарын өшіретін бір тамшы жастың адамдардың алдында еш құны жоқ, бірақ Алланың алдында өте ұлық болған іс!

عن عبد الله بن عباس رضي الله عنهما قال: سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: (عَيْنَانِ لَا تَمَسُّهُمَا النَّارُ: عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشْيَةِ الله، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فِي سَبِيلِ الله)

Пайғамбарымыз ﷺ айтты емес пе: “Екі түрлі көзді тозақ оты ешқашан тимиді: Алладан қорқып жылаған көз, Алланың жолында қарауылдаған көз”[1]

Мағдал ибн Мухалхал айтады: Адам қашан Алладан қорқып, еске алып жыласа бүткіл ағзалары нұрға толады. Және сол жылағаны үшін нұрланып қуанып жүреді. Адамдар бір бірінен сұрай бастайды: – бұл не деген нұр? -деп. Сонда оларға: – Бұл жылаған себепті берілетін нұрдың үлесі! – деп жауап береді екен!

Әлемдердің жаратушысына деген махаббатпен, оған деген сағыныштың себебінен тамшылаған жас, біздің денемізді нұрға толтыратынын сезбейсіз бе?!

Ата әс-Сәләми Алланы еске алып көп жылаушылардан болған екен. Бірде одан сұрапты:

  • Сіз неге көп жылайсыз?
  • Өлімнің арқаны мойынымда болса, баратын үйім қабір болса, тұратын жерім қиямет болса, мәңгілік болатын жерім белгісіз “тозақ немесе жәннәт” болса неге жыламасқа?!

Жолдарың болмай, адасып бара жатқаныңды сезіп, Алланың алдында бойұсынып жыласаң, онда есіңде болсын Алла сені көріп тұр және сенің тәубеңді қабыл етуге асығады (хадистен тікелей аударғанда), күнәларың аспан шыңына дейін жетіп тұрса да кешіреді.

Алла Тағала айтады:

وإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ ۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَان

Аль-Бакара:186

(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын.


[1] Сахих жамиғу сағир 4113

Наркес БОХАНОВ,

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің имамы