Махамбет ауданында Мәуліт айына орай салауат жарысы өтті

Махамбет аудандық мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай бір аптаға созылған салауат жарысы ұйымдастырылды. Жарыс барысында жамағаттың салауат айтудағы белсенділігі мен ықыласы бағаланды.

Қорытындысында үздік шыққан қатысушылар марапатталып, оларға білім – таусылмас қазына екенін ескере отырып, түрлі кітаптар сыйға тартылды.

Жеңімпаздар тізімі:

1-орын – Руслан Амангелдіұлы

2-орын – Нұрлыбек Аманғалиұлы

3-орын – Аслан Есімжанұлы

Шараның басты мақсаты – жамағат арасында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани тәрбиені күшейту және діни дәстүрді жаңғырту болды.